Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.

Су қатты, сұйық және газ күйінде болады. Осы 3 өлшемге 1 өлшем қосылып, 4-ші өлшемге жетсе онда ол адам нұрға жоғары санаға жетеді. Біз табиғи жарық көзі болуымыз керек. Өзімшілдік – табиғи күй емес. Екі бірдей ыдысқа құйылған суға ұдайы екі түрлі мағынадағы сөз айтылған: «сен кереметсің» деген ыдыстағы су кристалданып, әдемі өрнек түзген, ал «сен жамансың»деген ыдыстағы судың түрі бұзылып, ретсіз кристалл пайда болған. Демек, табиғаттың өзі жамандыққа қарсы, оны қаламайды, сұлулық , жақсылық бар жерде, үйлесімділік пайда болады.

Азақ әдебиеті».8-сынып. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.

Жыраулар шығармаларында адамды жақсы қасиеттерге, ізгі істерге жетелейтін тәрбиелік мәні бар туындылар көп . Мысал ретінде Асан Қайғы жырларынан үзінді алынды:

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!...

Өлеңде кешірімді, сабырлы, шыншыл болуды, ашуға берілген жаман әдептен аулақ болуды дәріптейтін ой көзделген. Бойыңды ашу кернесе, руханилығыңның азғындағаны. Ашу екінші бір адамның ашуын қоздырады. Түбінде ол ешкімге жақсылық әкелмейді. Себебі, оның энергетикасы нашар. Абай және Шәкәрім шығармашылықтары әдебиет пен өзін-өзі танудың интеграциясының көркем үлгісі бола алады.

«Қазақстан тарихы». Тақырып: «Аңырақай шайқасы» .Бұл пәннің мазмұнына өзін-өзі тану өзегінің салынуы оқушылардың елжандылық,азаматтық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. «Арт-терапия» әдісін қолданып, нақты бір тарихи жағдайға сурет салғызу арқылы олардың сезімдерін, ішкі ой толқынын,туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін байқауға болады. Ол үшін мысалы, «Аңырақай шайқасы» туралы тапсырма беруге болады. Оқушылардың рухани бастауларын жетілдіру мақсатында қазақ халқының жаудан жерін қорғаған батырларының бейнесін өз ішкі әлемінен өткізіп, өзін соларға ұқсатып салынған суреттерден баланың қиялын ғана емес, сонымен қатар оның жүрегіндегі сүйіспеншілікт, елжандылықты да көре аламыз.



Жанды білім:

Адамды рухтандырады;

Ғылым көкжиегіне еліктіреді;

Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;

Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді;

Сергектік пен эволюция әкеледі;

Жанды білім қанат.

Жансыз білім:

Бұлар – білмесе де болатынын білеміз;

Бұлар – хабарлана салысымен ұмытылып қалатыны;

Бұлар – жас адамдардың мектеп табалдырығынан әрі қарай алмайтыны және ол үшін өкінбейтіні;

Жансыз білім – аяққа түскен салмақ.

Қалай ықпалдастыруға болады:

Сыртқы ықпалдасу (өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ішкі ықпалдасу (дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)


9590860830968024.html
9590944227634572.html

9590860830968024.html
9590944227634572.html
    PR.RU™